×

Айдос Сарым кибербуллинг заңы жайлы: «Резонанс тудырған жоқ»

Бүгін әлеуметтік желіні бұғаттау туралы заң жобасы президентке жолданатыны белгілі болды

 Ербол Тұрымбет 20.04.2022 | 14:59

Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның айтуынша, бұл заң медиа саласы өкілдерінің қызығушылығын, «осы бізге қауіп төндіреді-ау» деген үрейін тудырды. Ал ауылдық жерде бұндай заң бар ма, жоқ па – оны көп адам біле бермейді, дейді Halyq Uni тілшісі.

Көптеген экономика, басқа да салада жүрген азаматтар бұл заңға керемет қызығушылық тудырған жоқ. Тіпті петицияның астына көп қол жиналған жоқ. Осы астанада өткен митингіге 100-ге жуық адам келді. Осы ма қызығушылық? Менің ойымша, бұл заң белгілі себептермен құқық қорғаушылардың, интернеттегі белсенді азаматтардың және медиа саласының мәселесі болғандықтан журналистер осы тақырыпты көбірек көтеруге тырысты. Шындап келгенде, мына заң ішінде әлдеқайда маңызды, әлдеқайда терең, миллиондаған азаматтың құқықтары мен денсаулығына қатысты дүниелер көзделген, – дейді Сарым. 

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда бірнеше миллион бала, 500 мың мұғалім бар. Олардың тағдыры, өмірі көп жағдайда интернеттегі белсенді 15 мың адамның наразылығынан әлдеқайда маңыздырақ. 

«Сіздер сол жағына қарасаңыздар, саны әлдеқайда көп аудиторияның мәселесін айтуға болады», – дейді мәжілісмен.

«Сарым мен Закиеваның түзетуі». Қазақстандықтар цензураға қарсы петиция жариялады. Сенат «Сарым мен Закиеваның түзетуі» аталып кеткен заң жобасын мәжіліске қайтарды. Әлеуметтік желіні бұғаттау туралы заң жобасы президентке жолданады. Мәжіліс спикері кибербуллинг туралы заң жобасының авторларына алғыс айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама