×

Азия елдері жаңа Қоян жылына қызу дайындалып жатыр

Биыл үйлесімді, мейірімді, қайырымды, тіпті романтикаға толы жыл болатыны жайлы болжам айтылды

 Дастан Жұмабекұлы 18.01.2023 | 11:56
фото: ашық дереккөз

Азияның көптеген елдері ай күнтізбесі бойынша келгелі тұрған Жаңа жылға қызу дайындық жұмыстарын жүргізе бастады. Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлады.

Ай күнтізбесі бойынша келетін Қара су қояны жылы 2023 жылғы 21-22 қаңтарда табалдырықтан аттайды.

Шығыс жұлдызнамасында Қоян жылы ауыс-түйістер мен өзгерістердің, бетбұрыстар мен ордалы оқиғалардың жылы болып есептеледі. Ол көптеген жағдайда мемлекеттер мен адамдардың тағдырларын шешіп, елеулі өзгерістер әкеліп жатады.

Тағы бір назар аударатын нәрсе, ай күнтізбесіндегі Қоян – түз қояны емес, үй қояны.

Астрологтар үй қоянының нәзік те байсалды хайуан екенін айтады. Сондықтан жыл да үйлесімді, мейірімді, қайырымды, тіпті романтикаға толы болатынына болжам жасайды. Сонымен бірге, батыл істерге байлығымен, кейбір мәселелердегі шешімталдығымен ерекшеленеді.

Астрологтардың пікірінше, Қоян жылында көбіне-көп ойға келмеген оқиғалар болып жатады. Сондықтан осы өзгерістерге қарай тез бейімделе білу керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама