×

Қарақат Әбден Тоқаевты құттықтады (ВИДЕО)

«Ашық қоғам» институты президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады

 Халық үні 21.11.2022 | 10:11
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан президенттігіне кандидат болған Қарақат Әбден Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Құрметті қазақстандықтар! Кезектен тыс өткен президенттік сайлаудың Exit poll нәтижесі шықты. Бұл саяси додада жеңіске жеткен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлын шын жүректен құттықтаймын. Ашық та әділ өткен бұл сайлау еліміздегі демократияның айқын көрінісі болды. Ел жүгін арқалау – өте үлкен жауапкершілік», - деді Қарақат Әбден.

Ол сондай-ақ қазақстандықтарға бірлік пен береке қажет екенін айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа шабыт пен қажымас қайрат тіледі.

Айта кетейік, «Ашық қоғам» халықаралық өңірлік зерттеулер институты кезектен тыс президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады.

«Ашық қоғам» институты мәліметінше, «Сіз өз дауысыңызды ел президенттігіне кандидаттардың қайсысына бердіңіз?» деген сұраққа төмендегідей жауап алынды:

  • Қарақат Әбден –2,54%;
  • Нұрлан Әуесбаев – 2,17%;
  • Жигули Дайрабаев – 3,33%;
  • Мейрам Қажыкен – 2,23%;
  • Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,45%;
  • Салтанат Тұрсынбекова – 2,08%;
  • Бәріне қарсымын – 5,2%.

Сондай-ақ «Amanat» партиясының қоғамдық саясат институты және «Социс-А» институты өткізген Exit poll нәтижесі де осыған ұқсас болды.

Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Қазақстан президенттігіне кандидат болған Жигули Дайрабаев та Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама