×

Нұрсұлтан Назарбаев Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, деді ол

 Халық үні 21.11.2022 | 01:10
фото: ашық дереккөзден

Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Тұңғыш президенттің ресми сайты. 

«Сізді Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын!

Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі.

Алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіңізге тілектеспін», – делінген Тұңғыш Президенттің құттықтауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама