×

Exit poll: Сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды

Қазақстан президенттігіне алты азамат үміткер болды

 Айгерім Таубай 21.11.2022 | 00:05
фото: Halyq Uni

«Ашық қоғам» халықаралық өңірлік зерттеулер институты кезектен тыс президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады.

Барлық өңірде орналасқан 354 сайлау учаскесінде 1 062 интервьюер Қазақстанның 304 мыңнан астам азаматына сауалнама жүргізген. Нәтижесінде сайлаушылардың келуі 68,7 пайызды көрсетті. 

«Ашық қоғам» институты мәліметінше, «Сіз өз дауысыңызды ел президенттігіне кандидаттардың қайсысына бердіңіз?» деген сұраққа төмендегідей жауап алынды:

  • Қарақат Әбден –2,54%;
  • Нұрлан Әуесбаев – 2,17%;
  • Жигули Дайрабаев – 3,33%;
  • Мейрам Қажыкен – 2,23%;
  • Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,45%;
  • Салтанат Тұрсынбекова – 2,08%;
  • Бәріне қарсымын – 5,2%.

Ал «Amanat» партиясының қоғамдық саясат институты өткізген Exit poll нәтижесі:

  • Қарақат Әбден – 2,61%;
  • Нұрлан Әуесбаев – 1,93%;
  • Жигули Дайрабаев – 2,67%;
  • Мейрам Қажыкен – 2,43%;
  • Қасым-Жомарт Тоқаев – 85,52%;
  • Салтанат Тұрсынбекова – 1,44%;
  • Бәріне қарсымын – 3,4%.

«Социс-А» институты жүргізген сауалнама нәтижесі мынадай:

  • Қарақат Әбден – 2,84%;
  • Нұрлан Әуесбаев – 2,38%;
  • Жигули Дайрабаев – 3,68%;
  • Мейрам Қажыкен – 2,62%;
  • Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,02%;
  • Салтанат Тұрсынбекова – 2,24%;
  • Бәріне қарсымын – 4,22%.

Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы сағат 22.00-дегі мәлімет бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алғанын хабарлады. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 69,43%-ы.

Қазақстан бойынша сайлау учаскелерінің жалпы саны – 10 101. 

Шетелдегі қазақстандықтар үшін 53 елде 68 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Сайлаушылардың жалпы саны – 11 950 485 адам.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама