×

Қазақстанда азық-түлік қымбаттап жатыр

Өткен аптада қырыққабат, сәбіз, картоп арзандап, пияз бен күріш қымбаттаған

 Дәурен Ерболат 22.07.2022 | 09:26
Фото: championat.com

Елімізде шілденің басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,5%-ға көтерілді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Бір аптада азық-түлік тауарлары 0,2%-ға қымбаттаған, ал жыл басынан бері баға 17,8%-ға өскен.

Жылдық мәнде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 17,5%-ға көтерілген.

Өткен аптада төмендегі азық-түлік өнімдері арзандады:

  • Қырыққабат – 5,4%,
  • Сәбіз-1,3%,
  • Картоп – 0,6%.

Сондай-ақ төмендегі тауарлар қымбаттаған:

  • Пияз – 2,4%,
  • Күріш – 0,7%.

Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне кіретін кейбір өнімнің орташа бағасы:

  • Сары май – 3 263 теңге/келі,
  • Сиыр еті – 2 202 теңге/келі,
  • Тауық еті – 1 144 теңге/келі,
  • Рожки (таразыдағы) – 260 теңге/келі,
  • Күнбағыс майы – 826 теңге/л.

Айта кетейік, ӘМАТ тізімінде 19 тауар бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама