×

Елімізден мыңдаған доллар әкетпек болған жолаушы ұсталды

Ол шекарадан қомақты ақшамен өтпек болған

 Қымбат Елтайқызы 26.05.2022 | 09:50
коллаж: Halyq Uni

Ташкентке бағытталған ұшақ жолаушысы 9 млн теңгені алып өтпек болған, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер департаменті.

«2022 жылғы 24 мамырда елорда әуежайында Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік кірістер департаменті, «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері, ҰҚК шеқара қызметі, Әуежай бақылау қызметінің қызметкерлері бірлесіп, «Нұр-Сұлтан-Ташкент» бағыты бойынша PН 722 халықаралық авиарейсімен ұшатын жолаушыларға кедендік бақылау жүргізіп, аталған заң бұзушылықтың жолын кесті. Д. есімді азаматтың қолжүгін рентген арқылы қарағаннан кейін жолаушы жүк бөліміне шақыртылған. Тексеру барысында 21 650 доллар (9 млн теңге) анықталды. Аталған дерек бойынша әкімшіліктік материал толтырылды», – дейді департамент.  

«Қазақстанның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» президенттің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 жарлығымен елімізден:

  • 10 мың доллардан асатын қолма-қол шетел валютасы және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;
  • Ұлттық банк шығаратын 5, 10, 20, 50, 100 грамм аффинирленген алтын құймалары, ALTYN BARYS алтынынан, KÚMIS BARYS күмісінен жасалған инвестициялық монеталар, 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынған.

Шетел азаматы Қазақстаннан мыңдаған доллар әкетпек болған. Екі айда еліміздің шекарасынан 671 мың доллар заңсыз өткізілмек болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама