×

Шетел азаматы Қазақстаннан мыңдаған доллар әкетпек болған

10 мың доллардан асатын соманы елімізден әкетуге тыйым салынғаны белгілі

 Қымбат Елтайқызы 25.05.2022 | 09:55
коллаж: Halyq Uni

Өзбекстан азаматы шетел валютасын заңсыз алып кетпек болған, деп хабарлайды қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.

«2022 жылы 23 мамыр күні №VSV-485 «Шымкент-Стамбұл» халықаралық әуе рейсі кезінде, кедендік бақылау аймағында өзбекстандықтан 21 490 доллар (9 133 680 теңге) қолма-қол ақша анықталып, аталған азамат тоқтатылды», – дейді комитет

Шетелдіктің бұл әрекеті ӘҚБтК-нің 545-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық саналады. Осы дерек бойынша іс материалдары Шымкент қаласының мамандандырылған әкімішілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

Екі айда Қазақстан шекарасынан 671 мың доллар заңсыз өткізілмек болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама