×

«АрселорМиттал Теміртаудың» атауы ресми түрде өзгерді

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев еңбек ұжымына жаңа инвесторды таныстырды

 Дәурен Ерболат 08.12.2023 | 17:11
Фото: QARMET баспасөз қызметі

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның атауы ресми түрде QARMET болып өзгерді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев еңбек ұжымына QARMET-тің жаңа инвесторы Андрей Лаврентьевті таныстырды.

Танымал кәсіпкер «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның активтерін 286 млн долларға сатып алған.

Әрине, жаңа басшының алдында маңызды міндеттер тұр. Бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлерге жағдай жасап, әл-ауқатын арттыру қажет. Сондай-ақ әлеуметтік жобалар арқылы жергілікті қоғамдастықты дамытуға белсенді қатысып, көмек көрсету керек, – деді облыс әкімі.

Кездесуде жаңа инвестор Вадим Басинді QARMET компаниясының бас директоры ретінде таныстырды.

Айта кетейік, бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев кәсіпорынды Андрей Лаврентьев сатып алғанын мәлімдеген еді. Келісімге сәйкес, Андрей Лаврентьев кәсіпорынға 3 млрд доллар инвестиция құюға міндетті болады. Оның 1,3 млрд доллары 2024 жылы инвестицияланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама