×

Сбербанкке салынған санкция қашан күшіне енетіні белгілі болды

Бұған дейін маман «еліміздегі ресейлік банктерге салынған санкция алына ма?» деген сұраққа жауап берген еді

 Айнұр Шошаева 11.05.2022 | 15:30
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандағы Сбербанк пен ВТБ банктің меншік иесін ауыстыру үшін жаңа инвесторларды іздеп жатыр. Бұл туралы бүгін мәжіліс кулуарында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Егер Сбербанк туралы айтсақ, бұл банк үшін санкцияның тиімді күні биылғы 12 шілде болып белгіленді. 12 шілдеге дейін банк клиенттер үшін кез келген операцияларды, соның ішінде шетел валютасында жүргізе алады. Осы кезеңде депозиттер, шетелдік салымдағы заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың салымдарын басқа банктерге аудара алады. Клиенттің өзі басқа банкке аудара алады», – деді агенттік басшысы. 

Оның айтуынша, 12 шілдеден кейін, яғни санкция күшіне енгеннен кейін ұлттық валютадағы (теңге мен рубль) барлық операцияны жүзеге асыруға болады. Қазақстандық банктер үшін осы банктердің клиенттеріне ұлттық валютада жұмыс істеу және қызмет көрсету үшін шектеу жоқ. Алайда жаңа қаржыландыру, шетелдік банктерге корреспонденттік шоттар енгізу және шетел валютасында коршоттарды енгізу бойынша шектеу бар. 

Бұл шектеулер әрине, сақталуы керек. Жалпы, бұл шектеулер банк қызметін айтарлықтай шектейді. Біз санкция енгізілген күннен бастап Ресейдің үш банкінен қаражаттың Қазақстан банктеріне айтарлықтай кеткенін байқадық. Осыған байланысты мұндай шектеулер Қазақстандағы Сбербанк пен ВТБ банкінің қызметіне айтарлықтай ықпал ететінін түсінемін. Сбербанк пен ВТБ қазір банкті сатып, меншік иесін ауыстыру үшін жаңа инвесторларды іздеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, – деп толықтырды Әбілқасымова. 

Аталған банктерді сатып алуы мүмкін әлеуетті инвестор анықталған соң қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өз тарапынан санкциялар тізімінен шығару үшін АҚШ-тың уәкілетті органының рұқсатын алу бағытында көмек көрсетеді. Ведомство жетекшісі банктердің қатынастарына енгізілген санкциялардың барлық тізбесін қатаң сақталатынына сендірді. Оның сөзінше, бұл қазақстандық банктерге қайталама сакнциялардың таралу тәуекелінің алдын алу үшін қажет. 

Бұған дейін мәжілісте Мадина Әбілқасымова «Қазақстандағы ресейлік банктерге салынған санкция алына ма?» деген сұраққа жауап берген болатын.

Ресейдің Visa және Mastercard карталары шетелде жарамсыз болып қалды. Несие төлеу керек пе? Ресейлік банктердің еншілес ұйымдарының тұтынушылары не істеу қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама