×

Еліміздегі ресейлік банктерге салынған санкция алына ма – маман жауабы

Болмаса, олар қандай жағдайда алынуы мүмкін

 Айнұр Шошаева 11.05.2022 | 15:00
фото: ашық дереккөзден

Ресейлік үш банкке салынған санкциядан кейін қазақстандық клиенттердің 3 млрд теңгеге жуық қаржысы бұғатталған. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгін мәжіліс кулуарында Әбілқасымова санкцияға іліккен Қазақстандағы ресейлік үш банкке қатысты жағдайды баяндады. Оның айтуынша, Қазақстанда үш ресейлік банктің еншілес ұйымына қарсы санкция енгізілгеннен кейін шетелдегі банктердің активтерін тоқтату бойынша белгілі бір шектеулер болды. Атап айтқанда, бұл шетел валютасындағы активтерге қатысты болды.

Санкциялар шетелдік санкциялар тізіміне енген банк активтерін тікелей тоқтатуды қарастырады. Яғни, шетелдік банктерге мұндай санкциясы бар банктермен операциялар жүргізуге тыйым салынады. Бұдан басқа шетел валютасында операция жүргізуге тікелей тыйым салынады. Ұлттық валютада теңгемен немесе рубльмен операция жүргізу үшін ешқандай шектеу жоқ. Ел ішінде операция жүргізуге шектеу де жоқ. Біздің мәліметтеріміз бойынша, клиенттердің бірқатар шоты, Ресейдің үш банкі бойынша шамамен 3 млрд теңгеге жуық қаржысы бұғатталған, – деді Әбілқасымова.

Бұған қоса ведомство басшысы қазір қарыз алушылардың өздері жұмыс істеуі керек, егер олар бойынша санкция салынған тұлғалар болмаса, активтеріне салынған бұғат алынуы мүмкін дейді.

«Арнайы тәртіп бар. Олар шетелдік активтерді бақылау жөніндегі тиісті басқармаға жүгіне алады. Бұл АҚШ қаржы министрлігіне қарайтын орган. Осылайша, кейбір активтерді босату керек. Егер ел ішіндегі банктердегі аударымдар туралы долларлық шоттар туралы айтсақ, санкция енгізілгенге дейінгі кезеңде ресейлік банктер мен қазақстандық банктер арасында қандай да бір операциялар жүргізу үшін шектеулер жоқ», – деп қосты спикер.

Оның айтуынша, Альфа банкке салынған санкция 6 мамырда күшіне енді. Оған дейін Альфа банк барлық операцияны жүргізіп, оның ішінде шетел ваютасымен операция жасай алды.

Қазір аталған банк Центркредит Қазақстан банкіне сатылғандықтан оның акционері толық өзгерді. Енді ЦКБ банкті санкциялық тізімнен алып тастау үшін АҚШ қаржы министрлігінің шетелдік активтерді басқару басқармасына жүгінуге құқылы. Бұл санкциялар тізімі SDN (Specially Designated Nationals List) деп аталады. Ол тізім қаржы ұйымдарына қатысты ең қатаң санкцияларды қолданады. Мұндай санкциялар тізімінен шығудың жалғыз жолы – алдымен акционердің толық ауысуы. Екіншіден, банк атауы өзгеруі керек. Яғни, ұйымды қайта тіркеу керек. Бұндай жағдайда шетелдік активтерді бақылау басқармасы АҚШ қаржы министрлігіне осы банкті санкциялар тізімінен шығаруға рұқсат береді, – деп толықтырды агенттік төрайымы.

Ресейдің Visa және Mastercard карталары шетелде жарамсыз болып қалды. Несие төлеу керек пе? Ресейлік банктердің еншілес ұйымдарының тұтынушылары не істеу қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама