×

Қазақстанда 23 мың ресейлік жұмыс істеп жүр

Былтыр қыркүйектен бері деректер айтарлықтай өзгермеген

 Дәурен Ерболат 08.08.2023 | 14:24
Фото: prufy.ru

Елімізде 23 мың ресейлік заңды түрде жұмыс істеп, міндетті зейнетақы аударымдарын аударады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көрсеткіш үнемі 22-23 мың адамның айналасында болады. Өйткені бір топ адам келіп жатса, бір тобы елден кетіп жатады. Бұл – Қазақстанда міндетті зейнетақы аударымдарын жасайтын Ресей азаматтары, - деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан соң.

Бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары 50 ауқатты қандастың елімізде жұмыс істеуге ниетті екенін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама