×

Украинадағы жағдай: Тоқаев Ресей премьер-министрімен бірлескен шараларды талқылады

Президент көрші елдің үкімет басшысы Михаил Мишустинмен кездесті

 Халық үні 25.02.2022 | 13:35
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық үкіметаралық кеңеске қатысу үшін Қазақстанға келген Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады.

Кездесу барысында олар сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықты нығайтуға баса мән беріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективаларын талқылады, – дейді Ақорда.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы және Ресей премьер-министрі Украинадағы жағдайдың ушығуына әрі Ресейге халықаралық санкциялардың енгізілуіне байланысты екі мемлекет арасындағы тауар айналымының төмендеуіне жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларды қарастырды.

Атап өтсек, қазір Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс болып жатыр. Кеше Путин Донбасстағы арнайы әскери операция туралы мәлімдеді. Бұл экономикалық ахуалға әсер еткендіктен Қазақстан үкіметі және Ұлттық банк азаматтардың теңгедегі депозиттеріне 10% өтемақы төлеу жөнінде шешім қабылдады. Одан кейін Смайылов Тоқаевқа Украинадағы оқиғаның кері әсерін төмендету шаралары жайлы баяндады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама