×

Арон Атабектің зиратын көтеруге қызы елден жылу жинап жатыр

Ол кәсіпкерлердің көмек бермегенін айтады

 Ая Өміртай 05.09.2022 | 15:01
Коллаж: Halyq Uni

Ақын диссидент Арон Атабектің қызы әлеуметтік желіде марқұм әкесінің басын көтеруге елден жылу жинап жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақынның қызы Алма Нұтышева фейсбук әлеуметтік желісінде кәсіпкерлердің көмек бермегенін айтып жазба жариялады. Оның айтуынша, марқұмның жылдығын дейін басталған жұмыстарды аяқтауға көмек қажет.

«Қыркүйекте менің әкем Арон Атабектің зиратында жұмыс басталады. Өкінішке қарай, кәсіпкерлердің ешқайсысы көмек берген жоқ. Жұмысты өз күшімізбен бастаймыз. Қазір бәрі қымбат екенін білесіздер. Маған сіздердің көмектеріңіз керек. Әкемнің жылына дейін барлық жұмысын толық істеуіміз керек», – деп жазды Алма Нұтышева.

Айта кетелік, 2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, биыл түрмеден шартты жазамен босап шыққан Арон Атабаек 68 жасында қайтыс болды. Жақын туыстарының айтуынша, ауруханада жүрегі тоқтап қалған.

Түрмеге қамалғанға дейін дені сау болған ақынның денсаулығы соңғы жылдары күрт нашарлап кеткен болатын. Қоғам ақынның бостандыққа шығуын көп жылдар бойы талап етіп келгенімен, нәтиже болмаған.

«Арон Күл-Тегін» қорының шоты:

87077797714 Алия Н.  – Kaspi Gold

«Банк ЦентрКредит»

БИК: KCJBKZKX

КБЕ: 17

KZ448562203119609786 KZ

KZ798562203219612470 USD

Серіктес жаңалықтары

Сараптама