×

Қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен танымал әзілкешке іздеу жарияланды

Азимжан Саидбаев 1986 жылы Қырғызстанда дүниеге келген

 Халық үні 11.02.2022 | 09:59
Азимжан Саидбаев, фото: ашық дереккөзден

Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген танымал әзілкеш Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 2-тармағы 3-бөлігінің 217-бабында (қаржы пирамиданы құру және оған басшылық ету) көзделген қылмысты жасады деген күдік бойынша біз Қырғызстан тумасы, 1986 жылы туған Саидбаев Азимжан Алымжанұлы іздестіріліп жатыр. Бұлтартпау шарасы: күзетпен ұстау.

Бұған дейін Алматы қалалық соты Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаевқа қатысты қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржы пирамидасын құру және оны басқару) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растаған.  

Еске салайық, бұған дейін Mudarabah Capital компаниясының бас директоры Руслан Бурханов қамауға алынған болатын. Сондай-ақ, оның қоластында істеген өзге де азаматтар күдікті ретінде тергеліп жатыр.

Кеше «танымал вайнер Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасын құрғаны үшін ұсталды» деген ақпарат тараған еді. Кейін ол өзіне тағылған айыпқа жауап берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама