×

Танымал вайнер Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталды

Бұл тізімде Азизжан Саидбаев пен Мейірхан Шерниязов та бар

 Айнұр Шошаева 10.02.2022 | 12:21
коллаж: Halyq Uni

Танымал вайнерлер - Мейіржан Төребаев, Азимжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовты сот қамауға алу туралы шешім шығарды, деп жазады журналист Михаил Козачков. Дереккөздің хабарлауынша, кейін үшеуін де кепілмен босатып жіберген.

Танымал үш вайнер де ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен (қаржы пирамидасын құру және оны басқару) күдікті деп танылыпты. Егер оларға тағылған айып дәлелденсе, әрқайсы 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Тергеу мәліметі бойынша Төребаев, Саидбаев және Шерниязов Mudarabah capital қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, ол жерден иелерінің бірі ретінде тұрақты қаржы алып отырған», - деп жазды М.Козачков.

Алматы қалалық соты Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаевқа қатысты қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржы пирамидасын құру және оны басқару) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Тергеу соты Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты үш миллион теңге кепілмен босатып, ал Азизжан Саидбаевқа қатысты «сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты» қанағаттандырды,- деп хабарлады сот.

Еске салайық, бұған дейін аталған компанияның бас директоры Руслан Бурханов қамауға алынған болатын. Сондай-ақ, оның қоластында істеген өзге де азаматтар күдікті ретінде тергеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54

Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысты
27.05.2023 | 17:08