×

Нұрәлі Әліп алғаш рет «Зенит» клубында негізгі құрамда ойнады

Қазақ футболисі 90 минут ойнап шықты

 Дастан Жұмабекұлы 02.09.2022 | 13:38
фото: ашық дереккөз

Нұралы Әліп жаңа маусымда алғаш рет Ресейдің «Зенит» клубының сапында негізгі құрамда алаңға шықты.

Әліптің командасы Ресей кубогы үшін қткен матчта Воронеж қаласының «Факел» клубымен кездесіп, жеңіске жетті. Кездесуде алаң иелерінің құрамында. Матео Кассерра екі гол соғып (23, 34 минут), дубль жасады.

Бұл ойында Қазақстан құрамасының қорғаушысы биылғы маусымда алғаш рет 90 минут ойнап шықты.

Ресей кубогы турнирінде «В» тобында Санкт-Петербургтің «Зенит» командасы мен «Факелден» бөлек, Мәскеудің «Спартак» және Самара қаласының «Крылья Советов» клубтары өнер көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама