×

Алматы облысының үздік мұғалімі автокөлік алады

Алматы облысы мұғалім тапшы өңірлердің бірі

 Айнұр Шошаева 02.09.2022 | 11:48
Коллаж: Halyq Uni

Алматы облысының әкімдігі өңірдің мектептеріндегі мұғалім тапшылығын шешу үшін ұстаздарға бірқатар артықшылықтар мен жеңілдіктер беріп отыр. Мұғалімдерді ынталандыру үшін байқау өткізіп, сыйлыққа автокөлік береді, деп хабарлайды Halyq Uni

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, өңірдегі кадр тапшылығы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында шешіліп жатыр. Бұл бағдарлама  бойынша ауылдық елді мекендерге келген педагогтерге әлеуметтік қолдау шаралары көзделген. Қазақстанның барлық өңіріндегідей ауылдық жерлерде тұру және жұмыс істеу үшін қалалардан және басқа ауылдардан келгендерге біржолғы жәрдемақы төлеу және тұрғын үй сатып алуға және салуға несие беріледі.

Сондай-ақ мұғалімдерді ынталандыру үшін лауазымдық айлықақының 150%-ы мөлшеріндегі   қосымша ақыны төленеді. Жаңадан тартылған  тартылған педагогтерді білім беру ұйымдары басшыларының, басшылар орынбасарларының кадрлық резервіне қосып, оларды оқыту ұйымдастырылады. 

Бұған қоса, екі жылда бір рет «Жылдың үздік жас мұғалімі» конкурсы өткізіледі. Айта кетейік, бұл байқаудың жүлде қорында Қазақстанның жетекші білім беру ұйымдарында 3 айлық тағылымдамадан өту, орта білім беру мәселелері бойынша халықаралық конференцияларға жіберу жолдамасы бар. 

«Облыс әкімшілігі тарапынан «Мұғалімдер күні» мерексіне орай білім саласының дамуына қосқан үлесі және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегі үшін және үздік педагог қызметкерлерге жүлделі орындарға ақшалай сыйлық және бірінші орын иегеріне автокөлік беріледі», – деді Алматы облыстық білім басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан мұғалімдерінің шетелде білім алуы мүмкіндігі бар екенін, Ақмола облысы мұғалімдерінің коммуналдық төлемдеріне жеңілдік берілетіні және Шымкент әкімдігі ұстаздарды шипайжайға жіберетіні хабарланған еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама