×

«Жер және шипажайға жолдама». Шымкенттік мұғалімдерге қандай жеңілдік бар?

Қызметтік үй мен жатақхана да берілуі мүмкін

 Айнұр Шошаева 02.09.2022 | 10:23
Коллаж: Halyq Uni

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде мұғалімдерге жергілікті атқарушы органдар тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мәселен, Шымкент қаласы әкімдігінің білім басқармасы мәліметінше, мегаполистің мемлекеттік ұйымдарда кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке еңбегіне ақы төлеу жүйесі, лауазымдық айлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер «Педагог мәртебесі туралы» заңында белгіленген тәртіппен айқындалады.  

Сонымен қатар, шаһарда баспанаға мұқтаж ұстаздардың мәселесін шешу де қарастырылған. 

«Осы заңның  12-бабының, 3-тармақшасына сәйкес педагогтердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдардан орындарды жергілікті атқарушы органдар бірінші кезектегі тәртіппен береді.
Педагогтерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тұрғынжайға, оның ішінде қызметтік тұрғынжайға және (немесе) жатақханаға, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне кепілдік беріледі», – деді қалалық Білім басқармасы. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысы мұғалімдеріне берілетін артықшылықтар мен жеңілдіктер туралы хабарланған еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама