×

АҚШ-та 113 миллион жыл бұрынғы динозаврлардың іздері табылды

Оларды акрокантозаврлар қалдырған

 Дастан Жұмабекұлы 30.08.2022 | 18:47
фото: tvzvezda.ru

АҚШ-тың Техас штатындағы «Динозавр алқабы» саябағында 113 миллион жыл бұрынғы ежелгі динозаврлардың жаңа іздері табылды.

Палеонтологтардың айтуынша, бұл іздерді акрокантозаврлар қалдырған. Олардың салмағы шамамен 7 тонна, ал биіктігі 4,5 метр болған.

Ал басқа іздерді завропосейдон қалдырған. Бұл мойны ұзын әрі ірі динозавр – салмағы шамамен 44 тонна, биіктігі 18 м-ге дейін жетеді.

Бұл туралы NBS News хабарлады.

Мамандардың айтуынша, табылған динозавр түрі жол бойымен 100 футтай жүріп өтіп, 140-қа жуық із қалдырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама