×

Қарағанды облысында «ҚТЖ» АҚ қызметкерлері дизель отынын ұрлаған

Тергеу барысында құжаты жоқ 15 тоннадан астам сұйық отын табылды

 Динара Амантай 16.08.2022 | 17:14
Фото: motoringresearch.com

Қарағанды облысында дизель отынын заңсыз сатуға қатысы бар ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ө. Елубайұлы есімді азамат 2021-2022 жж. локомотив депосының машинистерінен дизель отынын сатып алып, Жаңаарқа ауданы және Жаңаарқа кентінде өткізу үшін сертификатталмаған екі цистернада сақтаған. Тексеру барысында жер асты цистерналарынан жалпы құны 3,5 млн теңгеден асатын құжаты жоқ 15 тоннадан астам дизель отыны табылды.

Тергеу барысында «ҚТЖ» АҚ филиалы қызметкерлерінің қатысуымен дизель отынын ұрлау схемасы анықталды. Ұрлыққа қатысы бар 9 қызметкер жұмыстан босатылды, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен Елубайұлы Ө. кінәлі деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді

Серіктес жаңалықтары

Сараптама