×

3,5 мың тонна мұнай өнімдерін шетелге сатпақ болғандар анықталды

Кәсіпорында өндірістік төлқұжат болмаған

 Дәурен Ерболат 15.08.2022 | 10:17
Фото: fabricators.ru

БҚО-да қомақты көлемде мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау және сату дерегі анықталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәсіпорында биыл шілдеден бастап мұнай өңдеу зауытының өндірістік төлқұжаты болмағаны анықталды. Міндетті рұқсат құжаттарының болмауына қарамастан компания мұнай өнімдерін заңсыз өндіруді, сақтауды, өңдеуді және тасымалдауды жалғастырған.

Дер кезінде жүргізілген шаралар барысында 3,5 мың тоннадан аса мазут, теңіз отыны мен нафтаның басқа да мұнай өнімдерінің түрін ел аумағынан тыс жерлерге заңсыз шығарудың жолы кесілді. Бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.

Мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, агенттіктің сенім телефондарына және ҚМА аумақтық департаменттеріне хабарласа аласыз:

  • +7 (7172) 70-84-78

Серіктес жаңалықтары

Сараптама