×

«Жолдың астында қабір бар». Ақтау – Жетібай тасжолында көлік жарылды

Апаттан зардап шеккен адам жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 14.08.2022 | 18:04
фото: видеодан кадр

Ақтау – Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті.

Бұл туралы lada.kz хабарлады.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, оқиға Ақтау-Жетібай трассасынан 35 км қашықтықта болған.

1995 жылғы «Nissan Maxima» көлігінен өрт шыққаны туралы хабар 12 тамыз күні 20-23-те түскен.

Апаттан зардап шеккен адам жоқ. Өрт сағат 20.58-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге бір техника мен бес адам жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, –  делінген хабарламада.

Жергілікті тұрғындар жолдың астында қабірдің бар екенін айтады.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама