×

Қостанай өңірінде жоғалған 5 жасар қызды ерікті көріп қалған

Қазір бала Жамбыл ауылынан 9 шақырым жердегі жүгері алқабында іздестіріліп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 09.08.2022 | 12:22
фото: ашық дереккөз

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, бес жасар қызды «Регион 10» іздеу-құтқару жасағының еріктісі Анастасия Доможирова көріп қалған.

Оның айтуынша, кеше еріктілер іздеу жұмыстары кезінде ферма территориясын айналып өткенде жоғалған қызды көрген.

Ферма тұрған аймақтың арғы бетінен кіргенде қасымда екі адам болды. Сол кезде қыздың алқаптан жүгіріп өткенін көрдік. Қызға қарай жүгіріп, айғайлай бастап едім, қыз қайтадан жүгері алқабына қарай жүгіріп кетті, –  деді ол.  

Қазір қыз Жамбыл ауылынан 9 шақырым жердегі жүгері алқабында іздестіріліп жатыр. Полицияның хабарлауынша, жалпы аймағы 33 гектар жүгері және 10 гектар картоп алқабы тексерілді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама