×

Жыл басынан бері қанша ресейліктің Қазақстанда ЖСН алғаны белгілі болды

519 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

 Айнұр Шошаева 08.08.2022 | 10:40
Коллаж: Halyq Uni

Биыл жыл басынан бері 70 854 Ресей азаматы мен 1 467 Украина азаматы Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін алды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

«Жыл басынан бері Ресей Федерациясы азаматтарына – 70 854, Украинаның 1 467 азаматына ЖСН берілді. Ресей Федерациясының 519 азаматы және 7 украиналық Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданды», – деді редакцияның ресми сауалына жауап берген ішкі істер ведомствосы. 

Сондай-ақ министрлік Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс басталған 2022 жылдың 24 ақпанынан бері 69 172 ресейлік пен 1 353 украиналық Қазақстанда ЖСН алғанын атап өтті. 

Айта кетерлігі, шетелдіктерге Қазақстан ЖСН-і банктен шот ашқанда, жұмысқа тұрып, автокөлік сатып алатын кезде қажет. Бұған дейін шетел азаматтарына сәйкестендіру нөмірін egov порталында онлайн беру қызметі қазанға дейін тоқтатылды. Алайда халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетелдіктерге ЖСН беру жалғасып жатыр.

Украинадағы соғыс басталғалы Ресейден келімсектер көбейіп, БАҚ беттерінде олардың әр түрлі заң бұзушылықтармен көзге түскені бірнеше рет айтылды. Мәселен, бұған дейін елордада қоғамдық орында бір топ жас сепаратизмді насихаттайтын ән орындаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама