×

Елордада қоғамдық орында бір топ жас сепаратизмді насихаттайтын ән орындады

2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін бірқатар мемлекет «Вагнер» тобына санкция салды

 Айнұр Шошаева 25.07.2022 | 10:16
скриншот: видео

Елордадағы Есілдің жағалауындағы қоғамдық орында бір топ жас ресейлік жалдамалы жендеттер туралы ән орындады.

Есілдің жағасындағы қоғамдық орында көше караокесі жұмыс істейді. Демалушылар қалаған әніне тапсырыс беріп, тегін орындай алады.

Жексенді, 24 шілдеде бір топ жас ресейлік «Вагнер» жеке әскери компаниясы (ЧВК Вагнер) деген атпен танымал жалдамалы жендеттер туралы әнді орындады.

Еске сала кетейік, «Вагнер» жеке әскери компаниясы - ресми мойындалмаған қарулы құрылым. Бұл топ 2014 жылдан бастап Украинада, содан кейін Сирияда жұмыс істеген. 2017 жылдың маусым айында Вагнер тобы АҚШ-тың санкцияларының тізіміне енгізілді. 2018 жылдың 28 шілдесінде ресейлік бір топ тәуелсіз журналист аталған топ туралы зерттеу фильмін түсіру үшін Сирияға аттанады. Алайда екі күннен соң журналистердің көз жұмғаны белгілі болды.

Сондай-ақ 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін бірқатар мемлекет «Вагнер» тобына санкция салды. Бүгінде бұл құрылымның жендеттері Украина жерінде соғысқа қатысып жатқаны туралы ақпарат бар.

Осы ретте Halyq Uni тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөліміне сауал жолдап, қоғамдық орындардағы караокеде айтылатын әндердің тізіміне қатысты жүгінді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама