×

Қазақстандық спортшы допинг қолданғаны үшін 4 жылға футболдан шеттетілді

Жартылай қорғаушы Айбол Әбікен 2026 жылдың 29 сәуірінен кейін футболға қайта орала алады.

 Халық үні 31.07.2022 | 09:37
Фото: ашық дереккөздерден

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен төрт жылға спорттан шеттетілді. Спортшы бұған дейін допинг пайдаланды деп айыпталған.

Бұл туралы Қазақстанның допингке қарсы орталығының сайтында хабарланды.

Футболшы наурыз айының соңында тапсырған сынамасынан милдронат табылғаны туралы мамыр айында белгілі болды.

Айбол Әбікеннің құқығы жыл басында оны «Ақсуға» жалға берген «Қайратқа» тиесілі.

Портал бұл Қазақстан құрамасындағы допинг дауына қатысты үшінші оқиға екенін атап өтті. 2020 жылы команда капитаны Бауыржан Исламхан допинг қолданғаны үшін екі жылға, ал 2021 жылы Руслан Валиуллин де дәл осындай мерзімге жарыстан шеттетілді.

Айбол Әбікен – Алматы футбол мектебінің түлегі. Жасыл алаңдағы алғашқы кездесуін 2017 жылы «Қайрат» сапында өткізген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама