×

Астанада шетелдік жүргізуші полицейге пара ұсынған

Оның заңсыз әрекеттері қызметтік бейнетіркегішке жазылып қалған

 Динара Амантай 29.07.2022 | 16:18
Фото: egemen.kz

Елордада Өзбекстан азаматы полиция қызметкеріне пара беруге тырысқан. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруымен «ВАЗ 2115» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Әкімшілік жауапкершіліктен құтылуға тырысқан жүргізуші патрульдік полицейге 5 мың теңге ұсынған. 27 жастағы жүргізуші оның іс-әрекетінің заңсыздығы туралы ескертуге қарамастан, патрульдік көліктің салонына ақшаны қалдырып, артынша ұсталды.

Тәртіп бұзушының заңсыз әрекеттері полицейдің қызметтік бейнетіркегішіне жазылып қалған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 367-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, – делінген хабарламада.

Айта кететін жайт, лауазымды тұлғаға пара беру - қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын зааңбұзушылық, яғни айыппұл түрінде немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыра отырып, мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру көзделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама