×

Батыс Қазақстанда 5 жасар бала суға батып кетті

Ол ата-анасының қарауынсыз қалған

 Динара Амантай 29.07.2022 | 12:22
Фото: gtrk.tv

Батыс Қазақстан облысында бес жастағы бала суға батып кетті. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент өкілдерінің мәліметінше, оқиға 28 шілде күні Бәйтерек ауданы Жайық ауылында «Saya» демалыс базасында болған.

Сағат 19.30-да бес жасар баланың жоғалып кеткені жөнінде хабар түскен. Іздестіру жұмыстарына жедел құтқару жасағынан 4 адам (1 жүзу құралы) қатысты. Сағат 19.40-та куәгерлер баланың денесін судан шығарып алды. 2017 жылғы ұл бала шомылу үшін жабдықталған жағажайда ата-анасымен, туыстарымен бірге болған. Анықталғанындай, бала үрлемелі шеңбермен жүзіп жүрген. Ата-анасы мен туыстары сол кезде жағадан 50 метр жердегі жазғы кафеде болған. Баланың жоғалғанын көргеннен кейін іздестіре бастаған. Құтқарушылардың бірі баланың мәйітін тапты, – делінген хабарламада.

Биыл өңірде 12 адам суға кетсе, соның бесеуі балалар болып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылордада 2 жасар сәби үрлемелі бассейнге батып кеткенін жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама