×

Елімізде бір күнде 3 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды

22 мыңнан астам науқас аурудан емделуде

 Дәурен Ерболат 28.07.2022 | 09:02
Фото: aa.com.tr

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 3175 дерек тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 915,
  • Алматыда – 767,
  • Шымкентте – 127,
  • Ақмола облысында – 104,
  • Ақтөбе облысында – 47,
  • Алматы облысында – 92,
  • Жетісу облысында – 123,
  • Атырау облысында – 73,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 27,
  • Абай облысында – 48,
  • Жамбыл облысында – 94,
  • Батыс Қазақстан облысында – 56,
  • Қарағанды облысында – 355,
  • Ұлытау облысында – 30,
  • Қостанай облысында – 59,
  • Қызылорда облысында – 81,
  • Маңғыстау облысында – 40,
  • Павлодар облысында – 66,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 41,
  • Түркістан облысында – 30.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 млн 341 мың 265-ке жетті. 

Сондай-ақ 1409 адам коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 565,
  • Алматыда – 647,
  • Алматы облысында – 9,
  • Жетісу облысында – 53,
  • Атырау облысында – 12,
  • Абай облысында – 16,
  • Жамбыл облысында – 19,
  • Қарағанды облысында – 32,
  • Қызылорда облысында – 19,
  • Маңғыстау облысында – 23,
  • Павлодар облысында – 3,
  • Түркістан облысында – 11.

Елімізде барлығы 1 млн 305 мың 43 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

28 шілдедегі мәлімет бойынша 22 748 адам коронавирустан емделуде.

Оның ішінде 1 371 пациент стационарда, 21 377 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 25 адамның жағдайы ауыр, 14 пациенттің жағдайы өте ауыр, 7 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

  • «Қызыл» аймақта тұрған аймақ жоқ;
  • «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
  • «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше COVID-19 жұқтырған 2 бала өте ауыр халде жатқаны хабарланған еді.

Сондай-ақ Қазақстанның бас санитар дәрігері өңірлер «қызыл» аймаққа өтсе, қатаң карантин енгізілетінін атап өткен.

Жыл басынан бері коронавирустан 800-ге жуық адам көз жұмған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама