×

СOVID-19: Елордада 2 бала өте ауыр халде жатыр

Қазақстанда 500-ден аса бала инфекция жұқтырған

 Дәурен Ерболат 27.07.2022 | 16:44
Фото: ТАСС

Елордада коронавирус жұқтырған 2 бала өте ауыр халде ауруханада жатыр. Оның біреуі сәби, біреуі жасөспірім. Бұл туралы ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің басшысы Мағрипа Ембергенова айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

«Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 506 бала ауруханада емделіп жатыр. Оның ішінде жаңа туған 2 сәби бар. Олардың жағдайы тұрақты. Қалғаны 1-ден 18-ге дейінгі балалар», - деді басшы ОКҚ-де баспасөз мәслихатында.

Мағрипа Ембергенованың айтуынша, коронавирус жұқтырған бір балада аурудың белгілері жоқ.

Науқастардың 25%-ында ауру жеңіл түрде, 68%-ының жағдайы орташа дәрежеде өтуде. 27 баланың жағдайы ауыр, 2 бала өте ауыр халде. Екеуі де Нұр-Сұлтандағы инфекциялық ауруханада емделіп жатыр. Өте ауыр халде жатқан баланың біреуі сәби. Ол тамызда 1 жасқа толады. Екінші бала 2006 жылы дүниеге келген. Ол – жасөспірім, - деді Мағрипа Ембергенова.

Ол ауыр халде жатқан балалардың біреуі Жамбыл облысында, 23-і елордада, ал 3 бала Қызылорда облысында емделіп жатқанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама