×

Жамбылда зират аумағынан қару-жарақ арсеналы табылды

Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды

 Динара Амантай 20.07.2022 | 17:18
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды. Бұл туралы ІІМ-нің Рolisia.kz ақпараттық порталы хабарлады.

Жамбыл облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері КТҮ-158/1 қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде зират аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған жасырын қойманы анықтады.

Екі оқжатары бар “АКС-74У” автоматы, 9 мм калибрлі “ME-38 Marchal” травматикалық револьвері, 1 жарық-шуылды граната, 5,45 мм калибрлі 11 оқ дәрi, 9 мм калибрлі 38 оқ дәрi, 12 калибрлі 2 оқ дәрi және 5,45 мм калибрлі 8 бос оқ дәрi тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды, – делінген хабарламада.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама