×

Оралда жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды

Nissan көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Lada көлігін соққан

 Еркеғали Болатұлы 18.07.2022 | 09:41
фото: ашық дереккөз

Бүгін түнгі 2:45-те Орал қаласының айналма апат болып, соның салдарынан 8 адам көз жұмды.

Нақты айтқанда VenOil жанар-жағар май станциясының жанында Nissan және Lada көліктері соқтығысқан. Nissan көлігінде тек жүргізуші ғана болса, Lada көлігінде 5 ересек адам мен 2 бала келе жатқан.

Бұл жантүршігерлік жол апатын жасаған Nissan көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Lada көлігін соққан. Соның салдарынан 5 адам сол жерде мерт болып, үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Алайда кейін Nissan көлігінің жүргізушісі мен 10 және 13 жастағы бала ауруханада көз жұмды.

Оқиға болған жерде полиция жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама