×

Шымкенттік зейнеткер президентке өзі тоқыған қолғапты сыйлағысы келеді

Саудаға шығып, кейде тоқыма өнімдерін балаларға сыйға тарта салады

 Еркеғали Болатұлы 12.07.2022 | 16:37
фото: дереккөз

Шымкенттік зейнеткер балаларға тоқыма бұйымдарын тоқып, соны қаланың бас көшесінде сатумен нәпақа табады екен.

Instagram-дағы Region_17 парақшасындағы жазбаға сүйенсек, ол қол қусырып бос отырғанды ұнатпайды екен. Сол себепті саудаға шығып, кейде тоқыма өнімдерін балаларға сыйға тарта салатын болып шықты.

Енді әжейдің бұйырған бір күні ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ілтипатпен тоқылған бір қолғабын сыйға тартамын деген ниеті бар. Арқаның қысы қатты болатынын ескерсе керек, өзі сол тілегі мемлекет басшысына жетіп, оның сыйлықты қабыл алатынына сенімді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама