×

Білім басқармасы ҚМА-ның жемқорлыққа қатысты ақпаратын жоққа шығарды

171 млн теңге жымқыру фактісіне байланысты сот процесі жүріп жатыр

 Динара Амантай 11.07.2022 | 16:08
gov.kz

Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы Қаржы мониторингі агенттігінің «Жас маман» жобасы аясында 171 миллион теңгені жымқыру фактісі туралы ақпаратын жоққа шығарды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2020 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика басқармасы мемлекеттік сатып алу бойынша бірыңғай ұйымдастырушымен жабдықты сатып алуға конкурс өткізген. Байқау нәтижесінде колледж бен жеткізуші «Ай-Дин Тараз құрылыс» арасында құрал-жабдықтарды жеткізуге келісімшарт жасалды. Алғашқы екі шара бойынша 172 480,0 мың теңгеге құрал-жабдықтар қабылданды.

Үшінші шара бойынша құрал-жабдық келісімшартта көрсетілген талаптар мен техникалық сипаттамаларға сәйкес келмеді. Бұл туралы Жамбыл облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне колледж әкімшілігі хабарлады. Ал Жамбыл облысы бойынша ІМАД нұсқауы негізінде техниканы қабылдаудан бас тартылды.

Қазіргі таңда осы мәселеге байланысты сот процесі жүріп жатыр. Бірақ жымқыру фактісіне қатысты ешқандай дәлел жоқ. Сол себепті жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Әкімдіктің білім басқармасы қаражатты бөлудің айқындығын және колледждерді сапалы құрал-жабдықпен қамтамасыз ету мәселесін бақылауда ұстап отырғандығын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама