×

Түркістан облысында жоғалған қыз табылды

Анасының айтуынша, ол түнде үйден көшеге шығып кеткен

 Дастан Жұмабекұлы 09.06.2022 | 16:55
Көрнекі фото

Түркістан облысының полицейлері жоғалған қызды тапты.

Polisia.kz порталының хабарлауынша, 5 маусым күні таңғы сағат 04. 00 шамасында Сарыағаш аудандық полиция бөліміне такси жүргізушілері хабарласып, Қапланбек кентінің жанындағы Шымкент – Шыназ тас жолында 5-6 жастағы адасқан қыз баланың жүргенін айтқан.

Тәртіп сақшылары жедел түрде жолға шығып, қызды полиция бөліміне жеткізді. Олар бүлдіршінді тамақтандырып, одан ата-анасы туралы сұрап, туыстарын іздеуге кірісті.

Баланың ата-анасын іздеумен Сарыағаш АПБ-ның жедел уәкілдері мен ювеналды полиция тобының инспекторлары айналысты. Полиция жақын маңдағы аумақтарды аралап, тұрғындарға алты жастағы қыздың суретін көрсетті. Сөйтіп, жоғалған баланы таныған анасы аудандық полиция бөлімге келді.

Қыздың анасының айтуынша, ол түнде үйден көшеге шығып, жоғалып кеткен. Содан бері табылмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама