Адам өліміне күдікті павлодарлық 15 жыл бойы Ресейде жасырынған

Қымбат Елтайқызы

Ол аты-жөнін өзгерткен

фото: Halyq Uni

Кісі өліміне күдікті павлодарлық 15 жыл бойы Ресейде жасырынған, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«Павлодарлық жедел уәкілдер Ресей ІІМ-нің Алтай өлкесі Барнаул қаласындағы әріптестерімен өзара іс-қимыл шараларын өткізу барысында адам өліміне қатысты іздеуде болған күдіктіні ұстады», – дейді ІІМ.

Іздестіріліп жатқан 40 жастағы азаматтың 2007 жылғы ақпанда Павлодар қаласының Исиналиев көшесіндегі түнгі клубтардың бірінің жанында ер адамды атып өлтіргені анықталды. Ол зұлымдық жасағаны үшін жазалануы керек екенін біліп, елден қашып кеткен. Осы уақытқа дейін тәртіп сақшылары күдіктіні іздеуді тоқтатқан жоқ.

Осы жылдар ішінде Ресейдегі қылмыскер өзінің аты-жөнін өзгерткен. Бірақ мұндай шаралардың өзі оның жазадан құтылуына мүмкіндік бермеді. Қазір құрықталған азамат Барнаул қаласының Ресей ІІМ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр, – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Департамент биыл Павлодар облысының жедел қызметкерлері 36 қылмыскерді ұстағанын атап өтті.

Қызылордада үш адамды атып өлтірген күдіктілер құрықталды. Шымкенттегі жарылыс: үшемнің біреуі ғана тірі қалды. Оралда ер адамды пойыз қағып кетті. Павлодар облысында жеті адам уланып өлді: кінәлі 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Маймыл шешегінен алғашқы адам өлімі тіркелді. Алматы облысында жол апатынан жүргізуші мен екі бала көз жұмды.