×

Қызылордада үш адамды атып өлтірген күдіктілер ұсталды

Осыған байланысты 8 қылмыстық іс тіркелді

 Халық үні 11.05.2022 | 13:45

Қызылорда қаласында адам өліміне қатысы бар күдікпен 6 азамат ұсталып, төртеуіне іздеу жарияланды.

Қызылорда облысының Полиция департаментінің хабарлауынша, 7 мамырда Қызылорда қаласында 3 адамның қазасына қатысы бар деген күдікпен азаматтар ұсталып, қамауға алынды. Төрт күдіктіге қатысты іздеу жарияланды.

Осы оқиғадан кейін күдіктілердің тұрғылықты мекен-жайларынан бес қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрілер, есірткі және жеті автокөлік айғақ зат ретінде алынып, тиісті сараптамалары тағайындалды.

Күдіктілердің жеке басы анықталып, жәбірленуші тараптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Осыған байланысты 8 қылмыстық іс, яғни адам өлтіру бойынша екі, бұзақылық бойынша екі, қарудың заңсыз айналымы бойынша үш іс және есірткінің заңсыз айналымы бойынша бір іс тіркелді, – деді Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Қазір қылмыстық істің мән-жайы жан-жақты, толық және объективті түрде тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама