×

Маймыл шешегінен алғашқы адам өлімі тіркелді

Ол иммунды түсіретін дәрі қабылдаған

фото: стопкор

Жергілікті аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (NCDC) Нигерияда барлығы 21 адам маймыл шешегіне шалдыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz

«2022 жылы 29 мамырдағы мәліметтерге сәйкес, елдің тоғыз штатында (36 штат бар) 21 жағдай расталды, олардың бірі қайтыс болды. Иммунды түсіретін дәрі қабылдаған, қосалқы дерттері бар 40 жастағы науқас қайтыс болды», - деп хабарлады ведомстводан.

Инфекция Нигерияның келесі аймақтарында анықталды: Адамава, Лагос, Байелса, Дельта, Кросс Ривер, ел астанасы маңындағы өңірлер Абуджа, Кано, Имо, Риверс.

Нигерияда маймыл шешегімен күрес жөніндегі басқарманың мультисекторалды орталығы (MPX-EOC) іске қосылды.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің 257 жағдайы расталғанын және әлемнің 23 елінде шамамен 120 болжамды жағдайы бары туралы хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, вирус, әдетте жануардан адамға жұғады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама