×

Шымкенттегі жарылыс: үшемнің біреуі ғана тірі қалды

Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 22.05.2022 | 17:44
Фото: Шымкент қ. ТЖД

Шымкентте үшемді дүниеге әкелген әйел кеше жарылыс салдарынан сәбиінен айырылып қалды. Бұл туралы Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов айтты.

Бірінші бала таңертең, тіпті жарылыс болғанға дейін қайтыс болды. Екіншісі жарылыс салдарынан қаза тапты. Сондықтан бір нәресте ғана тірі қалды,- деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін жарылыс салдарынан 1979 жылы туған күзетші, 1980 жылы туған жұмысшы және 18 күн бұрын туған бір сәби қайғылы оқиғаның құрбаны болғанын жазған едік. Қазір сол оқиғаға қатысты Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-бөлігі («Адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама