×

Оралда ер адамды пойыз қағып кетті

Қазіргі кезде қажетті тергеу амалдары жүргізілуде

фото: egemen.kz

Оралда жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті. Бұл туралы ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қайғылы оқиға Желаев-Орал өткелінің 126-шақырымында болды. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды. 

«28 мамыр күні аталған дерек бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінде ҚК 344-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі кезде қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдемге шақыртудың сағат 09.50-де түскенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43

«Күйеуге шығып, борщ дайындау керек». Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікті сынады

Өзі біз шұғыл жиналыс жасап, не істерімізді білмей жатқан кезде отельде қыдырып жүрген, - дейді
26.03.2023 | 09:30

Ақтаудағы сұмдық жағдай: оқиғаға не себеп болғаны белгілі болды

Алдын ала болжам бойынша, кісі өлтіру дерегі отбасы жанжалынан туындаған
26.03.2023 | 08:50