Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысында алкоголь өнімдерін заңсыз жасап, сатқандар ұсталды

Тағы бір заңсыздық әшкереленді

 Қымбат Елтайқызы 07.06.2022 | 16:59
Ақтөбе облысында алкоголь өнімдерін заңсыз жасап, сатқандар ұсталды
фото: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері алкоголь өнімдерін жасау және сатумен айналысқан астыртын цехті анықтады.

«Күдікті өз үйінде әртүрлі алкоголь өнімдерін өндіріп, дайын өнімді жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалап, кейін Ақтөбе қаласында сатумен айналысқан. Тінту кезінде жалған акциздік маркалары бар Qazaq aragy, «Синяя гора», «Немирофф» дайын алкоголь өнімдері, жасанды өнімді буып-түюге арналған құрылғылар табылып, тәркіленді», – дейді қаржылық мониторинг агенттігі.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Түркістан облысында заңсыз арақ шығаратын екі цех анықталды. Өскеменде 15 мың шөлмек алкоголь тәркіленді. Қарағанды облысында контрафактілік алкоголь өнімдерін жасағандар құрықталды. Жамбыл облысында 25 млн теңгенің арағы тәркіленді. Өскеменде 50 мыңға жуық бөтелке арақ-шарап тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама