×

Су тасқыны бойынша қазіргі ахуал қандай

ТЖМ елдегі жағдай жайлы айтып берді

 Қымбат Елтайқызы 08.05.2024 | 13:59
фото: ТЖМ

Төтенше жағдай министрлігі су тасқыны жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен 179 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды. Барлығы 277 мыңнан астам текше метр су сорылды. Есіл өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Қостанай, Павлодар және Ақмола облыстары ТЖ департаменттерінен келген күштер мен құралдар Петропавл қаласының Подгора және Кожевенный шағын аудандарында, Қызылжар ауданының Тепличное ауылында су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылды.

Атырау облысының Құлсары қаласында су басқан аумақтардан су сору және дезинфекциялық жұмыстар тәулік бойы жалғасып келеді. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп, су деңгейінің біртіндеп жоғарылағаны байқалады. Жағдай бақылауда тұр. Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында бөгет салу жұмыстары жүріп жатыр. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 3 500 қапшық пен 427 тонна инертті материал төселді. Торғай өзенінің су деңгейі тұрақталып келеді, – дейді ведомство.

Республика бойынша 9 839 тұрғын үй мен 3 215 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 16,5 млн еріген қар суы сорылды. 50 841 адам өз үйлеріне оралды. 5 436 адам уақытша орналасу пунктерінде қалып отыр. Апаттық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 11 028  адам, 1 284 техника, 326 су сору құралы және 67 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

Су тасқынынан үйсіз қалған Ақмола тұрғындары тамыздың ортасына дейін баспанамен қамтылады. Атырау облысында 345 км бөгет салынды. Қазақстандықтар су тасқынымен қалай күресіп жатыр. Атырау облысында Жайық суы арнасынан асты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама