БҚО-да белгісіз біреулер қарт ерлі-зайыптыны байлап, үйін тонап кеткен

Қымбат Елтайқызы

Қылмыс әлі ашылмаған

фото: Halyq Uni

Оқиға 1 маусымға қараған түні Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылдық округінде болған. Ақбұлақ ауылындағы жергілікті тұрғындардың айтуынша, зейнеткерлерді түнде байлап, тонап кеткен. 

Түн ішінде, бетперде таққан үш адам тонауға түскен. Сондай-ақ Ақбұлақ ауылдық округі әкімі Зәмзәгүл Қалимова қарт ерлі-зайыпты балаларынан бөлек тұратынын жеткізген, – дейді uralskweek.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыс әлі ашылмаған.

«Ауылға криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлері жіберілді. Дерек қылмыстық кодекстің 191-бабы (тонау) бойынша тіркелді», – дейді департамент.

Солтүстік Қазақстанда бір үйір жылқы ұрлаған барымташы ұсталды. Қарағанды облысында 222 метр рельсті ұрлаған бір топ адам құрықталды. Нұр-Сұлтанда 23 жастағы қыз екі қап жаялық ұрлап, базарда сатқан. Мешіттегі қылмыс: Елорда тұрғыны жұма намазы кезінде iPhone ұрлаған. Павлодарда құны 5 миллион теңге алтын бұйымдарды ұрлаған күдікті ұсталды. Шымкентте 70 пәтерді тонаған ағайындылар құрықталды. Қызылорда облысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрлық жасаған екі адам бақылауға алынды.