×

Бишімбаевтың екі бірдей қорғаушысы сот отырысына кіре алмай қалды

Астана сотында экс-министрге қатысты іс қаралып жатыр

 Айгерім Таубай 11.04.2024 | 10:00
фото: Halyq Unialyq Uni / Жансерік Күзембай

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісі бойынша іс материалдарын зерттеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды, Halyq Uni.

Процесс барысында Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлжановаға жүгініп, сотталушының екі қорғаушысы сот отырысына кешігіп келгенін айтты. Сондай-ақ сот залына кіргізуді сұрады.

«Есіктің арғы жағында адвокат Құсайынова мен адвокат Рамазанованың тұрғанын хабарлады. Олар сот залына кіргізуге рұқсат сұрап тұр», - деді адвокат Ғазымжанов.

Бұған дейінгі сот отырыстарында тараптарға кешікпеу туралы бірнеше рет айтылды. Сот онлайн көрсетіліп жатыр, қорғаушылар дәл осы сатыда процестің сағат 9:30-да басталатынын біле тұра кешікті. Сол себепті олар қазір сот залына жіберілмейді. Үзіліс жарияланған кезде қосыла алады, - деді судья Құлбаева.

Айта кетейік, 10 сәуірде іс бойынша куәгерлерден жауап алу аяқталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама