×

Тағы бір мекемедегі Назарбаевтың ескерткіші алынды: Ұлттық музей себебін түсіндірді

Ескерткіш музей қорында тұрақты сақталады

 Халық үні 01.02.2024 | 12:29
Ұлттық музейдегі ескерткіштің орны қазір осындай

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық музейдегі ескерткіші алынды. Ескерткіш Атриум тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты музей қорында тұрақты сақталады.

«Атриум тарихи-хронологиялық кезеңдеу логикасына және залдардың тақырыптық-экспозициялық мазмұнына бағынатын музей экспозициясының сценографиясы тұрғысынан маңызды.

Айта кеткен жөн, алдағы уақытта «Тәуелсіз Қазақстан» залының реэкспозициясы бойынша жұмыстар жүргізіледі (2014 жылдан бері жаңартылмаған), онда қазіргі тарихи кезеңнің маңызды оқиғалары толық қамтылмақ.

Ескерткішке келетін болсақ, бұл экспонат музей мүлкі және Атриум тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты музей қорында тұрақты сақталады», - делінген Ұлттық музей таратқан ақпаратта.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Ұлттық қорғаныс университетінің алында тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама