×

Қостанайдағы төтенше жағдай: үйінді астынан табылған ер адамның тірі екені хабарланды

Қазірге дейін 11 адам ауруханаға жатқызылды

 Халық үні 11.12.2023 | 16:25
Фото: Қостанай облысы ТЖД

Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті ғимараттағы жарылыстан кейін үйінді астынан 3 адамның құтқарылғанын хабарлады. Бастапқыда ер адамның мәйіті табылғаны айтылды, алайда араған бірнеше сағат салып департамент оның ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.

2023 жылдың 11 желтоқсанында Қостанайда жүк таситын автокөліктерді жөндейтін орында жарылыс болды. Оқиға 12:30 шамасында болған. Сағат 16:00-дегі ақпарат бойынша оқиға, 11 адам ауруханаға жатқызылды.

Бұған дейін үйінді астында 7 адамның қалғаны хабарланды. Қазірге дейін 3 адам құтқарылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама