×

Қостанайдағы жарылыс: үйінді астынан бір адамның мәйіті табылды

Екі адам құтқарылды, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

 Халық үні 11.12.2023 | 14:32
Фото: Қостанай облысы ТЖД

Қостанайдағы жарылыс салдарынан үйінді астында қалған ер адам қайтыс болды. Тағы екі адам құтқарылды. Бұл туралы Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Айта кетейік, араға бірнеше сағат салып, ТЖД ер адамның тірі екенін хабарлады.

11 желтоқсанда сағат 12:39-да Қостанай қаласында жүк таситын автокөліктерді жөндеуге арналған ғимарат жарылды. Салдарынан ғимарат қабырғасы құлады.

Куәгерлердің айтуынша, үйінділердің астында адамдар болуы мүмкін. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Алғашқы медициналық көмекке 12 адам жүгінді, - делінген ақпаратта.

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында үйінді астында екі адам құтқарылды, тағы бір адам қаза тапты. Оның жеке басы анықталып жатыр. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама