×

Қостанайда бір қабатты ғимарат құлап, бірнеше адам үйінді астында қалды

БАҚ-тың хабарлауынша, 7 адам үйінді астында қалған

 Халық үні 11.12.2023 | 13:49
Фото: Қостанай облысы ТЖД

Қостанайда бір қабатты ғимарат құлады. Ақпаратты Halyq Uni ақпарат агенттігіне Төтенше жағдайлар министрлігі растады.

БАҚ-тың хабарлауынша, үйінді астында 7 адам қалды.

Оқиға бүгін сағат 12:36 шамасында Амангелді тұрғын алабында болған.

Облыстық ТЖД мәліметі бойынша бір қабатты ғимарат құлаған. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Оқиға орнына Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов барған және жедел штаб ашылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама