Halyq Uni логотип
×

Биылғы үш айда Қазақстанға 3,5 мыңнан астам адам ТМД елдерінен көшіп келген

Бұл – Қазақстанға көшіп келгендердің барлығының 86%-ы

 Қымбат Елтайқызы 17.05.2022 | 15:40
Биылғы үш айда Қазақстанға 3,5 мыңнан астам адам ТМД елдерінен көшіп келген
фото: Halyq Uni

Ұлттық статистика бюросы 2022 жылғы бірінші тоқсандағы халық көші-қоны туралы деректер жариялады.

«Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерге сай, 2022 жылғы қаңтар-наурызда елімізге тұрғылықты тұруға келіп, тіркелгендер саны 4 108 адамды, Қазақстаннан кеткендер саны 5 281 адамды құрады, көші-қон айырымы – 1 173 адам», – дейді статистика бюросы.

Еліміздегі негізгі көші-қон Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мемлекеттері арасында. ТМД елдерінен келген және сол елдерге кеткен көшіп-қонушылардың жалпы санының үлесі 86% әрі 80,8% құрады.

Қазақстан ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 12,6%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Нұр-Сұлтан (7 523 адам), Алматы (8 278 адам), Шымкент (866 адам) қалаларында, – дейді бюро.

Наурызда қазақстандық ЖСН алған ресейліктер саны 14 есе артқан. Қазақстанда уақытша тұруға өтініш берген ресейліктер 2,5 есе көбейген – ІІМ. «Олар – босқын емес». Мұхтар Тайжан елімізде тұрғысы келетін ресейліктерге шектеу енгізуді ұсынды. Атақты әнші Лещенко Қазақстанның азаматтығын алмақ па? Еліміздің шақыртуымен Шыңжаңнан 20 қазақ отбасы көшіп келді. Еліміздегі еңбек мигранттарының көбі Қытайдан келген. Биыл ШҚО-да 300-ден аса адамның қос азаматтық алғаны анықталған. Үш азаматтық алған әйел Қазақстаннан депортацияланды. Педофилдерге елімізге кіруге тыйым салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама